1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1.1. "Турнир" ұғымы үштен бес киберспортшыға дейін қатысатын киберспорттық жарысты білдіреді.
1.2. Әр турнирге бірегей нөмір (бұдан әрі - "Маусым") беріледі.
1.3. Кибербаскетбол бойынша EPC турнирлері күнтізбелік жыл бойы күн сайын өткізіледі.
1.4. "Күнтізбелік жыл" ұғымы 1-ші қаңтардан 31-ші желтоқсанға дейін созылатын кезеңді білдіреді. Әр күнтізбелік жыл он екі айдан (сатыдан) тұрады.
1.5. Әр айдың қорытындысы бойынша топтағы ең үздік бес киберспортшы анықталады.
1.6. Барлық турнирлер PlayStation ойын консолінде өтеді.
1.7. Турнирлер 2K Sports издатшысының "NBA" лицензиялық версиясында, "EuroLeague" қосымшасын қолданып ойын атқару ортасында жүргізіледі. Кездесушілер "Quick Play" режимінде "Сustom" кедергі деңгейінде қарсыласты.
1.8. Турнирлерге 18 жасқа толған киберспортшылар қатыса алады. Барлық қатысушылардың тиісті аккредитациясы мен ұйымдастырушылар тарапынан берілген рұқсаты болуы тиіс.
1.9. Турнирлер арнайы мамандандырылған стационарлық киберспорттық алаңшаларда өтіп, бұл ретте қатысушылар да, ұйымдастырушылар да барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.
2. ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Турнир аясында әр қатысушыға жарысты өткізу сәтінде өзекті құрамы бар бір команда онлайн-жеребе әдісімен тағайындалады.
2.2. Кибербаскетбол бойынша EPC турнирлері айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, бұл ретте қатысушылар «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша екі айналымда ойнайды.
2.3. Бір турнирге қатысамын деушілер саны бестен артық болса, қатысушылар екі топқа ("А тобы" және "В тобы") бөлініп, екі бөлек Турнир ойнайды.
2.4. Негізгі ойын уақыты аяқталысымен, нәтижесі турнир статистикасына енгізіледі. Сонымен қатар, матч жеңімпазы негізгі ойын уақыты аясында анықталады.
2.5. Негізгі уақыт бес минутты құрайтын төрт тоқсаннан тұрады. Жалпы алғанда, бұл ойын уақытының жиырма минутын құрайды. Бір овертаймның (қосымша уақыт) ұзақтығы ойын уақытының үш минутын құрайды. Ойын уақыты нақты уақыттың баламасы болып табылады.
2.6. Негізгі ойын уақыты аясында матч "Тең ойын" нәтижесімен аяқталса, қатысушылардың біреуі овертаймды бір немесе одан да артық ұпай жинау арқылы аяқтағанға дейін олар қосымша уақытты ойнай береді. Матчтағы овертаймдар саны шектелген.
3. ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУ
3.1. Әр қатысушы турнирдің әрбір басқа қатысушысымен екі матчтан ойнайды (біреуі - "үйдегі матч", екіншісі - "сырттағы матч").
3.2. Турнир аясында ойнаған барлық матчтардың қорытындысы бойынша әр қатысушының жеңіс пайызы есептеп шығарылады.
3.3. Форс-мажор жағдайларының орын алуына (5-бөлім) байланысты матчты өткізу немесе аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, қатысушыларға жалпы жеңістер пайызы бойынша 0% қосылады.
3.4. Матч техникалық себептерге байланысты доғарылған болса, бұл матч доғарылған сәттегі қатысушылардың нәтижесі турнирлік кестеге енгізіліп, турнир жеңімпазын анықтау кезінде ескеріледі.
3.5. Екі қатысушының бірдей жеңіс пайызы болса, турнир жеңімпазы мен турнирлік кестедегі барлық қалған орындар келесідей үлестіріледі:
a) турнир аясында өткізілген барлық кездесулердегі жинаған ұпайлар саны бойынша.
b) турнир аясында өткізілген барлық кездесулердегі жинаған және ұтылған ұпайлар айырмасы бойынша.
3.6. Барлық матчтардың нәтижелері онлайн режимінде жаңартылатын ресми турнирлік статистикаға енгізіледі.
4. АЙДЫҢ ҮЗДІК БЕС ОЙЫНШЫСЫН АНЫҚТАУ
4.1. Әр айдың қорытындысы бойынша жарыстардың барлық қатысушылары арасында үздік бес ойыншы (бұдан әрі - “Топ 5” рейтингісі) анықталады.
4.2. “Топ 5” рейтингісіне ай ішінде отыздан астам турнирге қатысқан ойыншылар кіруі мүмкін.
4.3. “Топ 5” рейтингісінде орындарды үлестірген кезде келесідей критерийлер ескеріледі:
а) күнтізбелік ай ішіндегі жеңістер пайызы.
b) күнтізбелік ай ішіндегі барлық өткізілген кездесулерде жинаған ұпайлар саны.
5. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ
5.1. Жоспарланған матчты техникалық ақауларға байланысты өткізу мүмкін болмаса, матч болдырылмаған деп танылады.
5.2. Болдырылмаған матчтар кейінге қалдырылмай, оларға «Болдырылмады» деген статус сақталады.
5.3. Матч барысында техникалық ақаулар орын алып, оны бұдан әрі өткізу мүмкін болмаса, бұл матч доғарылған деп танылады. Доғарылған матчтар кейінге қалдырылмай, оларға «Доғарылды» деген статус сақталады.
5.4. Қате шот ашылғанға және/немесе бірінші тоқсан аяқталғанға дейін анықталған кезде, матчты төменде сипатталған жағдайларда жаңартуға болады:
a) матч кестеге сәйкес басталған жоқ.
b) команда дұрыс таңдалған жоқ.
c) командалар құрамы дұрыс анықталған жоқ.
d) “үйдегі матч”/"сырттағы матч" тарапы дұрыс таңдалған жоқ.
5.5. Басқа жағдайларда бұндай матч болдырылмаған деп саналады.
5.6. Форс-мажор жағдайларына байланысты мәлімделген ойыншы матчқа қатыса алмаса, жағдайларға қарай ойыншыны алдын ала немесе жедел ауыстыру жүзеге асырылады. Ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаса, турнир алдын ала мәлімделген ойыншының қатысуынсыз ойнатылады.